АҚШ Украинаның НАТО-ға қабылданбайтынын хабарлады

2070
Adyrna.kz Telegram

Украина Вильнюс саммитінің қорытындысы бойынша НАТО құрамына қабылданбайтын болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Украина алдағы Вильнюсте өтетін Альянс саммитінің қорытындысы бойынша Солтүстік Атлантикалық альянс ұйымына қабылданбайды, деп хабарлады АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Джейк Салливан.

Салливанның айтуынша, Киевке НАТО талаптарына сай болу үшін "әлі де реформалар қажет".

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Америка мен НАТО-ның алдағы уақытта Украина мәселесін қарастырады. Солтүстік Атлантикалық альянс қатарына қосылу үшін "қандай қадамдар қажет екенін талқылайды".

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Атлантикалық альянс Украина — НАТО (СУН) кеңесін құру туралы шешімді растады. Бірінші отырыс 12 шілдеде Вильнюсте өтеді. Оған Швеция өкілдері де қатысады деп күтіліп отыр.

"Адырна"  ұлттық порталы

Пікірлер