Астана күнінде 1000 сәби өмірге келді

1789
Adyrna.kz Telegram

Биыл Астана күнінде Қазақстанда 1000 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды “Адырна” Tengri.kz-ке сілтеме жасап.

Елімізде 6 шілде - Астана күні. Атаулы күнде елімізде 1000 сәби дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, оның 505-і қыз және 495-і ұл, оның ішінде 8 жұп - егіз.

Жаңа туған нәрестелердің саны бойынша рекордтық көрсеткіш Түркістан облысында. Бір тәулікте 146 сәби дүниеге келген. Ал екінші орында Алматы қаласы тұр, мұнда 91 нәресте өмір есігін ашқан.

Сондай-ақ, бүгінде елімізде 26 адамға Астана есімі берілген.

Пікірлер