"Ауыр емес қылмыс жасалған, Шүменов масаң күйде болған жоқ". ІІМ-нің төбелескіш боксшы жайлы түсінігі

1740
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігі Астанадағы сауда-ойын орталықтарының бірінде болған төбелеске қатысты түсініктеме берді. Басқарма танымал боксшы Бейбіт Шүменовтің баласымен жүрген ер адамға жұдырық ала жүгіргенін растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Иә, растаймыз, бұл бойынша қазір тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс бұзақылық бабы бойынша қозғалды. Ол жерде ауыр емес қылмыс жасалған, сараптама көрсетеді. Біз де күтіп отырмыз. Шүменов масаң күйде болған жоқ»,—деп түсіндірді Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Үкіметтің кулуарында.

Ол ер адамның қолында болған баланың зардап шекпегенін атап өтті.

Вице-министр бұл іске бей-жай қараған учаскелік инспекторға қатысты қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді.

«Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады, кеше ғана министр бұл мәселені көтерді», - деді Сүнтаев.⠀

Бұған дейін спортшы Бейбіт Шүменовтің нәресте көтерген жігітті ұрған видеосы тарағанын жазған едік.

Пікірлер