Үндістан Айға зымыран ұшырды

1580
Adyrna.kz Telegram
Фото: ISRO
Фото: ISRO

Үндістан Айдың оңтүстік полюсіне зерттеуші роботты жеткізуге арналған «Чандраян-3» зымыранын сәтті ұшырды. Бұл туралы ВВС жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сатиш Дхаван атындағы ғарыш орталығы бақылап отырған миссия 14 тәулікке созылады және оған 75 млн доллар жұмсалмақ.

Аппарат ай маңындағы орбитаға шығуы тиіс. 23-24 тамызға қарай Айға қонуы керек.

Әрі қарай зерттеу жабдықтарымен жабдықталған ай бетінде жүретін робот Жердің табиғи серігінің бетіне химиялық талдау жүргізеді.

Егер бәрі ойдағыдай өтсе, Үндістан Айға барған төрт елдің бірі болады (Ресей, АҚШ және Қытайдан кейін).

Бұл - үнді ғарышкерлерінің осындай үшінші миссиясы.

2019 жылғы талпыныс сәтті болмады. Айдың бетіне қонайын деп жатқанда зымыранның Жермен байланысы үзіліп кеткен.

Пікірлер