ОҢҒАР ҚАБДЕН: Өзбекбасы да тура Назарбаев салған сара жолмен кетті. Бүкіл отбасы мемлекетті меншіктеп алды десе де болады.

1458
Adyrna.kz Telegram
Өзбекбасы да тура Назарбаев салған сара жолмен кетті.
Бүкіл отбасы мемлекетті меншіктеп алды десе де болады. Мирзиеевтің екі әпкесі мен бір ағасы бар. Олар мемлекеттік экономиканың құрылыс және газ секторы сияқты стратегиялық маңызды салаларындағы компанияларға иелік етеді. Елдегі сауда саттық, базар, ауылшаруашылық салалары президенттің әпкелері мен жезделерінің бизнесі.
Президенттің жұбайы Зироатхон Хошимова елдегі денсаулық сақтау саласы мен фармацевтиканы жекешелендіріп алған десе де болады.
Үлкен қызы Саида Мирзиеева президент әкімшілігінің коммуникация секторының меңгерушісі.
Кіші қызы Шахноз Мирзиеева Ұлттық әлеуметтік қамсыздандыру агенттігі директорының бірінші орынбасары.
Екі қыздың да күйеулері елдегі ең беделді әрі мемлекеттік құрылымдарға ықпал ететін бизнесмендер.
Ал, әулеттің құдалары Truck And Bus Trade Group және Turon Avto, UzAuto Motors, BMB Trade Group сияқты Өзбекстандағы алпауыт зауыттарды басқарады. Джизах пен Сырдария облыстарындағы мыңдаған гектар құнарлы жерлер де осы құйрық бауыр асасқан туыстардың еншісінде.
Мирзиеевтің жиен күйеубалалары бас прокуратура мен қауіпсіздік саласына басшылық жасайды.
Шавкат Мирзиеевтің қайынжұрты да осал емес. Хошимованың туыстарына тиесілі Ташкенттегі мейрамханалар, сұлулық салондары мен сәнді сән үйлері, First Premium Alliance, Asia Luxe Travel компаниясы, «Ромитекс» фабрикасы, Қоқан биохим спирт зауыты, «Uzbekistan Airways» мемлекеттік авиакомпаниясы аз дүние емес.
Мынау өзбек басшысының туыстарының ел білетін меншіктері. Жұрттан жасырғандары қаншама?
Мирзиеев өзінің алдындағы мемлекет басшысы, өзінің ұстазы Ислам Каримовтың отбасынан сабақ алмаған екен.

 

 

Пікірлер