Ел қоржынына 10 медаль түсті

1967
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшылар 10 медальды қоржынға салды, деп хабарлайды “Адырна”.

Мажарстанда өткен турнирде қазақ балуандары 10 медаль жеңіп алды. Ел қоржыны 2 алтын, 2 күміс, 6 қоламен толықты.

10 жүлденің 7-ін еркін күрес шеберлеріне тиесілі.  Нұрғожа Қайпанов пен Өсімжан Дастанбек күміс жүлделі болды. Әлішер Ерғали, Ризабек Айтмұхан, Данияр Қайсанов, Санжар Досжанов пен Асылжан Есенгелді қола жүлдені қанағат тұтты.

Әйелдер арасында топ жарған Жәмила Бақбергенова болды.

Грек-рим күресінен Аманғали Бекболатов жеңіс тұғырынан көрінсе, Мұхамедәлі Мамырбек қола жүлде еншіледі.

Пікірлер