Жапаров мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді міндеттейтін заңға қол қойды

2204
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров барлық мемлекеттік қызметкерлерге қырғыз тілін білуді, меңгеруді міндеттейтін ел парламенті қабылдаған конституциялық заңға қол қойды. Бұл туралы республика басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Енді Қырғызстандағы конституциялық заң бойынша телерадиокомпаниялар, оның ішінде жекеменшік компаниялар мемлекеттік тілде кемі 60% хабар таратуы тиіс.

"Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров "Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі туралы "Конституциялық заңға қол қойды", - делінген хабарламада.

Жаңа заңға сәйкес, Қырғыз тілі бұдан былай "мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметінде" қолданылуы тиіс. Бірлескен, шетелдік ұйымдардың атаулары енді мемлекеттік тілге транслитерациямен рәсімделуі тиіс.

Телерадиокомпаниялар, оның ішінде жекеменшік компаниялар мемлекеттік тілде бағдарламалардың кемінде 60% -. жүргізуі тиіс.

Депутаттарды, Ұлттық банк қызметкерлерін, әскери қызметшілерді, судьяларды, прокурорларды, адвокаттарды, нотариустарды, барлық меншік нысанындағы оқу орындарының қызметкерлерін және медициналық персоналды қоса алғанда, барлық мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік тілді меңгеруге және оны қызметтік міндеттерін атқару кезінде пайдалануға тиіс.

Сонымен қатар, Заң баптарының бірінде орыс тілінің ресми тіл ретінде қолданылатындығы жазылды.

"Ресми тілді қолдану Қырғыз Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Қырғыз Республикасы өз аумағында тұратын барлық этностар өкілдерінің тілдерін еркін пайдалану қағидатын ұстанады және осы тілдердің дамуы үшін жағдай жасауға кепілдік береді", - деп атап өтті баспасөз қызметі. Бұл ретте ресми Жарлықтың қолданылу аясы нақтыланбайды.

Заң бойынша, республикада мемлекеттік тіл - қырғыз тілі, орыс тілі болсач, конституцияда бекітілген ресми мәртебеге ие.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер