Ұшқанда шегетіндер. Жыл басынан бері ондаған адам трапта тоқтатылды

1624
Adyrna.kz Telegram

Пхукет пен Алматы арасындағы Air Astana рейсінің бортында электронды темекі шеккен алматылық екі азаматқа айыппұл салынды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Келгеннен кейін жолаушылар желілік полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды. Көлік полицейлерінің тексеруі кезінде Алматы қаласының 36 және 37 жастағы тұрғындары анықталды.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен «Әуе кемесінің бортында электронды темекі бұйымдарын тұтыну» бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, әкімшілік айыппұлдар салынды. 50 АЕК (172 500 теңге – шамамен).

Полиция жыл басынан бері Қазақстанның көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 60 азаматты, оның ішінде 29 адам ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынғаны үшін рейстерден шығарылғанын еске салды.

Пікірлер