Іле Алатауында "Нұрсұлтан" аталған шыңның атауы өзгергені айтылды

1647
Adyrna.kz Telegram

Теңіз деңгейінен 4376 метр биіктіктегі шыңның атауы өзгергені ресми түрде расталмады. Десе де, 8-9 шілдеде өткен «Алматы-2023» халықаралық альпиниаданың бағдарламасында 2023 жылдан бастап шың «Алматы шыңы» деп аталатыны көрсетілген, деп жазады "Адырна".

«Алматы қаласының аты аңызға айналған шыңы – Алматы шыңы 4376 м (1930-1935. Алматы шыңы, 1935-1997. Комсомол шыңы, 1997-2023. Нұрсұлтан шыңы) «АЛМАТЫ-2023» халықаралық альпиниадасы», - деп көрсетілген.

Шың атауының өзгертілгені туралы түсініктемеде атап өтілген.

Шыңның атауы 1998 жылы экс-президент Назарбаевтың құрметіне өзгертілген. Сонымен қатар, жыл сайын дерлік өткізілетін жаппай асу науқаны шілде айында Назарбаевтың туған күні – 6 шілдемен тұспа-тұс келеді.

Айта кетейік, елімізде және шет мемлекеттерде де тұңғыш президент құрметіне арналған ескерткіштер, түрлі орындар, көшелер әлі де көп.

Пікірлер