Путин мен Назарбаев Мәскеуде "оңаша" кездесті

1707
Adyrna.kz Telegram

Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путин өткен демалыс күндері Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескені расталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мұны журналистерге Ресей мемлекеті басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растап, кездесудің жабық өткенін атап өткен. Ал жексенбіде Путин "Единая Россия" партиясының съезіне қатысып, ұзағынан сөйлеген болатын.

«Ол [Назарбаев] шынында да Мәскеуде болды және ол президентпен оңаша, мүлдем жеке кездесу өткізді», - деді Песков. «Біз мұны растай аламыз, иә», - деп қосты Кремль өкілі.

Бұған дейін, экс-президенттің 16 желтоқсан күні Мәскеуге барғаны айтылған болатын. 

 

Пікірлер