Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда ҰҚК қызметкерлері сотталды

1731
Adyrna.kz Telegram

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауда азапталып өлтірілген Алмас Мұқашевтің ісі бойынша Ұлттық қауіпсіздік қызметінің екі қызметкері сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«2022 жылдың 8 қаңтарында қалалық полиция ғимаратында сотталушылардың бірі ұсталған адамға дене жарақатын салған. Салдарынан адам қайтыс болған. Сотталушы С. осы ауыр қылмыстың жасау фактісін жасырған»,—делінген хабарламада.

Сотталушылардың кінәсі іс бойынша жиналған айғақтармен, куәлардың жауаптарымен және сот сараптамасының қорытындысымен дәлелденді.

«Сот үкімімен сотталушы Б. Қылмыстық кодекстің 146-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал сотталушы С.-ға 432-бап бойынша 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталғандардан жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық залал келтіргені үшін 15 миллион теңге өндірілді»,—деп жазды соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер