Балаларға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынған қарағандылық 8 жылға сотталды

1312
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Қарағандыда балаларға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынған ер адам 8 жылға сотталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық соты 34 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қарағанды ​​тұрғынының бес кішкентай балаға жыныстық қатынас үшін ақша ұсынып, әдепсіз әрекеттер жасағанын анықтаған.

“Сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушілер, олардың заңды өкілдері мен куәгерлерінің айғақтарымен, кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ қылмыстық істің басқа да материалдарымен дәлелденді. Прокурор сотталушыны өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады”, – деп мәлімдеді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі.

Пікірлер