Қабырғасы сынып, бауырына қан кеткен. Мас жүргізуші өз танысын трактормен басып өтті

1518
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының шаруа қожалығында мас трактор жүргізушісі жерде жатқан әйелді екі рет басып өткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Диапазонға сілтеме жасап.

37 жастағы аудан тұрғыны ащы суға тойып, тракторды тізгіндеген.

Орталыққа келген қолөнерші мен оның жанында әйел азық-түлік алуға келген. Қайтар жолда көліктің кабинасында екеуі бірге ішімдік ішіп, кикілжіңге келген.

Ұрысып қалған әйел адам трактордан түсіп, техникаға жақын жерге жатып алады. Ал трактор жүргізуішісі оны айналып өту үшін артқа жүруге әрекет жасайды. Алайда азамат қозғалыс қорабын дұрыс емес бағытқа салып, әйелді басып кетеді.

Мас жүргізуші осы әрекетінен кейінде жылдамдықты қосып жерде жатқан әйелді екінші рет басып өтеді.

Ауыр салмақтан әйелдің қабырғасы сынып, бауырының ішіне қан кеткен.

Тергеп-тексеру нәтижесінде қолөнершінің көлік жүргізуге мүлдем құқығы жоқ екені анықталған. 37 жастағы азамат 2021 жылы жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылыпты.

Осы әрекетінен кейін жүргізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлер