Си Цзиньпин Қытай-АҚШ қарым-қатынасын дамытуға дайын екенін айтты

1375
Adyrna.kz Telegram

Қытай төрағасы Си Цзиньпин
Пекиндегі Дяоюйтай резиденциясында АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджермен кездесті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жүздесу барысында Қытай басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынас мәселесін қозғады.

«Қытай мен Америка Құрама Штаттары тағы да жол айрығында тұр. Тараптар қай жолмен барарын білмейді. Қайтадан таңдау жасау керек. Болашақта бұл екі мемлекет міндетті түрде ортақ табыс пен өркендеуге қол жеткізе алады деп сенемін. Ең бастысы өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттарын ұстану қажет»,—деді ол.

Си Цзиньпин қытайлықтардың достықты ерекше бағалайтынын атап өтті.

«Біз Қытай-АҚШ қарым-қатынасын дамытуға және халықтар арасындағы достықты нығайтуға қосқан тарихи үлесіңізді ешқашан ұмытпаймыз. Сіз және АҚШ-тағы басқа да зиялылар екі мемлекеттің достығын қалпына келтіруге көмектесу үшін сындарлы рөл атқара береді деп үміттенемін»,—деп толықтырды Қытай төрағасы.

Генри Киссинджер Си Цзиньпинге алғысын білдіріп, халықтар халықтары арасындағы өзара түсіністікті одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді.

Пікірлер