ДУЛАТ БӘКІШЕВ: Басқадан бөлекпіз деп менменсуге болмайды. КСРО осылай "Мен басқадан ерекшемін" деуден құлады.

1664
Adyrna.kz Telegram
Негізі, "бөлінгенді бөрі жейді" деген мақалдың мағынасы терең.
Халыққа:
- біздің "өз жолымыз" бар
- біздің жол ерекше: "бірінші - экономика, сосын - саясат"
- біз: басқадан бөлекпіз, өзгеміз, ерекшеміз, жоғарымыз, "төреміз", т.б. деп МЕНМЕНСУГЕ болмайды.
Ондай ел түбі құриды.
Сонымен қатар, жасанды, өтірік:
- "Гейропа", "АҚШ пен НАТО" деп басқадан қорқып жүруге,
не болмаса:
- ішкі жау, "халық жауы", "басқаның агенті" деп іріткі салып, елді оқшаулау, қорқыту да жақсылыққа алып келмейді.
КСРО, басқа емес, осылай: "Мен басқадан ерекшемін" деуден құлады.
БҮГІНГІ АЛАШҚА да: "біз Евразия экономика одағы", ОДКБ, ШОС, біленбай деп ДАМЫҒАН ӘЛЕМНЕН оқшауланып,  "жабылып қалуға" болмайды.
Ондай болатын болса, екінші рет "1991 жыл" болмайды. БІЗДІ БӨРІ ЖЕЙТІН болады. 100% Жабылмайық!
"Ұлы Жібек Жолын" қайта жандандырайық.
Біз сонда ғана ДАМЫП, БАЙ да ҚУАТТЫ елге айналамыз.
Біздің жол ерекше емес.
Біздікі: "ДАМЫҒАН ӘЛЕММЕН БІРГЕ".
Алаш ешкімнен кем де, артық та емес.

 

Пікірлер