Түркістан бірлігін аңсаған арыс. Бүгін - Мұстафа Шоқайдың туған күні

2150
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз беттерінен
Фото: Ашық дереккөз беттерінен

Бүгін - Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист Мұстафа Шоқайдың туғанынаа 134 жыл.

Мұстафа Шоқай – бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат. Алаш партиясында болды, Түркістан автономиясының басында тұрды. 21 жыл Еуропада эмиграцияда жүріп, қазақтың бостандығы үшін күрескен тұлға.

Ол 24 жасында-ақ Мұсылман фракциясының хатшысы атанды. Өйткені, 1916 жылы Әлихан Бөкейханұлы Мұстафаны Ресейдің IV мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының бюросына хатшылыққа ұсынды.

1918 жылдан кейін  туған жерден жырақ кетсе де, Мұстафа Шоқай түбі бір түркі елдерінің мүддесін бәрінен жоғары қоя білді.

«Мұстафа  өзіне Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулат, Ахмет Байтұрсын сынды қазақ зиялыларын ұстаз тұтты. Қайда жүрсе де, елінің мүддесін ұмытқан жоқ. Біз оны сонысымен-ақ қадірлеуге тиіспіз», дейді жазушы, тарихшы Бейбіт Қойшыбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Мұстафа Шоқайдың француз тілінде жазған мақалаларын іріктеп, жинақ етіп шығарған Түркиядағы қазақ ғалымы, доктор Әбдіуақап Қарамен сұхбатты жариялаған едік.

Пікірлер