Абай облысында тоғыз жастағы қызды зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

2228
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Семейде тоғыз жастағы қызды зорлаған 48 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы "Не Молчи" қорының басшысы Дина Смайылова әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тоғыз жасар қызды зорлаған ер адамға үкім шығарды.

Ер адам 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, жантүршігерлік оқиға 2022 жылы тамыз айында болды. Қыздың анасының айтуынша, қылмысты 48 жастағы көршісі жасаған.

Пікірлер