Базар өрті. Зардап шеккендерге бірнеше жеңілдіктер беріледі

1012
Adyrna.kz Telegram

«Ақшың» базарындағы өрттен зардап шеккендерге жаңа сауда орындары берілетін болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Семейде өртенген  базардың «Ақшың» бастамашыл кәсіпкерлер тобы облыс әкімімен кездесіп, жағдайды айтты.

Жергілікті билік тауарлары мен сауда орындарынан айырылған саудагерлерге жеңілдетілген несие беретінін айтты.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев зардап шеккендермен бірге анықтамаларды алу, субсидиялау, жалға алу және әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады.

Мен бұл мәселемен қажетінше айналысамын. Бүгінгі таңда полиция бөліміне 296 өтініш жіберілді, біз барлық өтініштерді қарастырамыз. Мемлекет тарапынан қажетті көмек көрсетіледі. Бұл процеске барлық құзырлы органдар жұмылдырылған», - деді әкім Ұранхаев.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, өрттен зардап шеккен 35 жасқа дейінгі кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қарастырылған.

Ал жергілікті университет әкімшілігі өрттен зардап шеккен отбасының балаларына алты айға дейін оқу ақысына жеңілдіктер жасайды. Әкім жағдайды жеке бақылауға алғанын айтты

"2024 жылдың үшінші тоқсанында коммуналдық азық-түлік сататын базар құрылысы қарастырылуда, онда бизнес өкілдері үшін де жаңа жұмыс орындары ашылады", - деді Ұранхаев.

Пікірлер