Семейде сауда үйі өртке оранды

740
Adyrna.kz Telegram

Семейдегі сауда үйлерінің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 13:51-де «Бирюса» сауда үйінде өрт шыққаны туралы дабыл қағылған.

"Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде қатты түтін байқалды. Дереу газды өртті басқару бөлімшесі құрылып, барлау жұмыстары басталды. Сауда үйінің төбесі жанып жатқаны анықталды", - деп хабарлады құтқарушылар.

Сондай-ақ өрт сөндіруге 16 адам мен төрт техника жұмылдырылғаны хабарланды. Өрт сағат 14:21-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 15 шаршы метрді құрады.

Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.

Пікірлер