Хостел ғимараты Halyk Bank-ке тиесілі екені анықталды

1387
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыдағы өртенген Әди Шәріпов көшесіндегі «Almaty Hostel» Halyk Bank меншігіндегі ғимаратта орналасқан. Бұл туралы Алматы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

«Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Halyk Bank-ке тиесілі. Банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген. Қызыл жалын 30 шаршы метрді шарпыған. Бұл хостел Алматы қаласының жоғары оқу орындарымен студенттерді орналастыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ», - деп хабарлады әкімдіктен.

Бұл жөнінде Halyk Bank әзірге, ресми мәлімдеме берген жоқ.

Оқиға орнына Алматы әкімі Ерболат Досаев келді. Сондай-ақ Астанадан Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов ұшып шыққаны белгілі болды.

Еске салайық, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді.

Пікірлер