Алматыда жер сілкінісі сезілді

1800
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Алматылықтар түн ортасында жер сілкінісін сезді. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 22 ақпанда сағат 00:26-да жер сілкінісін тіркеген. Оның эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде орналасқан Қытай аумағында болған.

Сезілуі туралы мәліметтер: Алматы қаласында - 2 балл. Зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ.

«Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді», - делінген хабарламада.

Пікірлер