Астанадағы өртті сөндіруге 50-ден астам адам жұмылдырылды

942
Adyrna.kz Telegram

Астанада 50-ден астам адам бір қабатты ғимараттағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«Астанада Байқоңыр ауданында Өндіріс көшесі, 37 мекенжайында бір қабатты бокс өртеніп жатыр. Өрттің аумағы анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 53 адамы мен 12 бірлік жедел-құтқару техникасы жұмылдырылған», - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Сағат 7.26-да өрт оқшауланды.

Пікірлер