Ер адамның денесі табылды. Ақмола облысында өрт болды

1103
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Салдарынан ер адам көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сағат 08.18-де өрт сөндірілді. Оқиға болған жеке тұрғын үйдің ауданы - 65 шаршы метр.

Үйіндіні бөлшектеу барысында өрт орнында 1966 жылғы ер адамның денесі табылды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Пікірлер