Алматы облысында шетелдік азамат 5 жасар қызды тепті

1605
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында шетелдік ер адам сауда орталығында 5 жасар қыз баланы тепкен, деп хабарлайды “Адырна”.

23 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Aport Mall" сауда орталығында шетелдік азамат өрескел әрекетімен камера түсіп қалған. Бейнебақылау камерасында ер адамның әйел мен арбадағы баласын ертіп бара жатқанын анық көруге болады. Бір кезде кішкентай қыз арбаға жақындай бастайды. Осы сәтте ер адам арбаға жақындаған бүлдіршінді теуіп, арбадағы сәбиді көтеріп алған.

"Полицияға 1996 жылы туған азаматша К. 2019 жылы туған кішкентай қызына дене жарақатын салған белгісіз адамға қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш білдірді. Бұл дерек бойынша "бұзақылық" дерегімен Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс - шаралары барысында тәртіп сақшылары 1998 жылы туған Түркия Республикасының азаматын анықтап, полицияға жеткізді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы полковник Бауыржан Аленов.

"Қазіргі уақытта ұсталған ер адам заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", - деді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы.

Күдікті жауап алу кезінде болған оқиғаны толық айтып, өз кінәсін  мойындап отыр.

Пікірлер