Алматы облысында тұрғын үйдің шатыры опырылды

1405
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында жаңадан бой көтерген тұрғын үй кешенінің шатыры опырылып түскен, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Instagram желісінде  Талғардағы көпқабатты үй шатырының бір бөлігі құлаған сәті көрсетілген.

"Жаңа ықшамауданы, Ипотекалық аудандағы шатырдың бір бөлігінің құлау сәті. Айта кетейік, үйлер салыстырмалы түрде жаңа және мемлекеттік тапсырыс бойынша салынған", - делінген видеода.

Алматы облысының әкімдігі видеоға қатысты түсініктеме берді. Әкімдіктің хабарлауынша оқиға 60 пәтерлі жалдамалы тұрғын үйде болғанын хабарлады.

“Қар жауып, төбесінде мұз пайда болуынан ғимараттың арықтары мен карниздері жартылай опырылып түсті. Бақытымызға орай, оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Құрылыс алаңдарына жақын жерде, әсіресе қыста барлығына сақ және мұқият болуды ұсынамыз. Ауа райы жағдайлары болжанбайтын қауіптер тудыруы мүмкін. Нысанның мердігері "Гунн Строй Сервис" ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті”, - деп хабарлады ведомстводан.

Пікірлер