Сүйіктісімен ренжісіп қалған жігіттің үлкен жол көпірінен секірмек болғаны хабарланды

2475
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылының маңындағы автожолда жігіт көпірден секіруге оқталған. Оқиға сағат 12:30 шамасында  болған. 1990 жылы туған ер адам тас жолдағы көпірден секіруге бел буып, біраз жұртты дүрліктірді. Бірден оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен техникасы жөнелтілген, деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

"Құтқарушылар сағат 12:45-те оқиға орнына жеткенде ол жерде полиция қызметкерлері ер адамды сөзге тартып тұр екен. Келіссөздер оң нәтиже беріп, ер адам көпірдің тіреуішінен бері қарай өтті. Оған еш қауіп төнген жоқ", – деп хабарлады Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызымен ұрсысып қалғандықтан көпірден секіруге бекінген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер