Астана футболшылары Хорватиялық клубтан ірі есеппен жеңіліс тапты

4615
Adyrna.kz Telegram

Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді, - деп хабарлайды "Адырна" Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астананың» қарсыласы Загребтің «Динамосы» болды. Хорватия астанасында өткен кездесу алаң иелерінің үлесіне 4:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймның өзінде-ақ Хорватия чемпиондары үш гол соқты. Бруно Петкович 36-минутта отандасы Йосип Хондричті қапы қалдырды. 41-минутта Лука Иванушец екінші допты астаналықтар қақпасына бағыттады.

Екі минуттан кейін Иванушец дубль жасады. Ал екінші таймда, 56-минутта Иванушец хет-трик жасады.

Қарымта ойын Астанада 2 тамызда өтеді.

Пікірлер