Ресей Африка елдеріне 25-50 мың тонна астықты тегін жеткізеді - Путин

1757
Adyrna.kz Telegram
Фото: kommersant.ru
Фото: kommersant.ru

Ресей алдағы төрт айда Зимбабве, Буркина-Фасо, Сомали, Эритреяға 25-50 мың тонна астықты тегін жіберуге дайын. Бұл туралы Ресей-Африка форумында сөйлеген сөзінде Ресей президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресей күтілетін рекордтық астықты ескере отырып, мұқтаж Африка елдеріне астық жіберуге дайын. Мәскеу жылдың алғашқы 6 айында Қара құрлыққа 10 миллион тонна астық экспорттаған.

Путиннің айтуынша, Батыс елдері астық пен тыңайтқыш жеткізуге кедергі келтіріп, әлемдік азық-түлік дағдарысына Ресейді кінәлайды. Астық келісімі жасалған жылы Украинадан 32,8 миллион тонна жүк кетсе, 70 пайыздан астамы бай елдерге кеткен. Африканың ең кедей елдері Қара теңіз бастамасы бойынша 1 миллион тоннадан аз жүк алды.

Пікірлер