44 адам қаза тапты. Пәкістанда террорист партия съезінде өз-өзін жарып жіберді

1823
Adyrna.kz Telegram
Фото - EPA
Фото - EPA

Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында өткізген съезі кезінде жарылыс болды. Салдарынан 44 адам қаза тапты. Бұл туралы ВВС жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға Ауғанстан аумағына жақын Пәкістанның Хар қаласында болған.

Мәлемет бойынша, “Ислам дін мамандарының жиыны” консервативті партиясының митингіне 400-дей адам жиналған. Жергілікті БАҚ зардап шеккендер саны 200-ге жетуі ықтималдығын хабарлады.

Сондай-ақ, жарылыстан JUI-F аймақтық көшбасшысы Маулана Зиаулла да мерт болды. Теракт кезінде ол партияластары алдында сөз сөйлеп жатқан.

Болжам бойынша, бұл елдегі жағдайды ушықтыруға тырысқан жиһадшылардың ісі болуы мүмкін.

Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, ауруханада орын жетіспей жатқанына байланысты аса ауыр науқастарды тікұшақпен Пешавара емханаларына жіберіп жатқан көрінеді.

 

Пікірлер