Пәкістанда содырлар автобусқа оқ жаудырып, 9 адам қаза тапты

1074
Adyrna.kz Telegram
Фото: gulftoday.ae
Фото: gulftoday.ae

Пәкістанның солтүстігінде қарулы топ автобусқа оқ жаудырып, 9 адам, оның ішінде екі сарбаз қаза тауып, 20-дан астамы жараланды. Бұл туралы abcnews жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Шабуыл сенбі күні кешке Гилгит-Балтистанның солтүстігіндегі Қарақорам тас жолында болды», деп хабарлады полиция қызметкері Азмат Шах.

Магистраль Пәкістанды Қытаймен байланыстырады, сонымен қатар бұл аймақта пәкістандық тәліптер мен басқа да содырлардың болуына байланысты бұрын лаңкестік ошағы болған Хайбер-Пахтунхва провинциясы арқылы өтеді.

Ақпарат бойынша, автобус Гилгиттен Равалпинди қаласына жолаушыларды тасымалдап бара жатқанда, оған оқ жаудырылып, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, жүк көлігіне соғылып, өртеніп кеткен. Екі жүргізуші де сол жерде көз жұмды.

Одан бөлек, 26 адам жараланып, олардың арасында жергілікті дін қызметкері де бар, олар ауруханаларға жеткізілді. Шенеуніктер аумақты жабуға рұқсат бергеннен кейін полиция бұл аймақтағы көлік қозғалысын өзгертуге көмектесті.

Гилгит-Балтистанның ішкі істер министрі Шамс Лон оқиғаны «теракт» деп атады.

Пәкістанның уақытша премьер-министрі Анвар-ул-Хак Какар шабуылды айыптап, мемлекетке қарсы элементтердің Гилгит Балтистанның тыныштығын бұзуға жол берілмейтінін айтты және лаңкестерге қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.

Гилгит Балтистанның бас министрі Гүлбар Ханның айтуынша, шабуылды тексеру және оның артында тұрғандарды ұстау үшін арнайы тергеу тобы құрылды.

Шабуыл үшін жауапкершілікті ешкім бірден мойнына алған жоқ.

Пәкістандағы Талибанының өкілі, яғни Техрик-е-Талибан Пәкістан немесе TTP деп аталатын Мұхаммад Хорасани жексенбі күнгі мәлімдемесінде атыстың артында оның тобы тұрғанын жоққа шығарды.

Айта кетейік, TTP - бұл бөлек топ, бірақ АҚШ пен НАТО әскерлері елден шығарудың соңғы сатысында болғандықтан, Ауғанстандағы билікті 2021 жылдың тамызында басып алған ауған тәліптерімен одақтас. Ол соңғы 15 жылда Пәкістанда көтеріліс жасады.

Пікірлер