Ұрланған балалық шақ. Ресей Украина аймақтарынан 700 мыңнан астам баланы алып кеткен

1763
Adyrna.kz Telegram

Ресей 2022 жылдың ақпанынан бері Украинаның оккупацияланған аймақтарынан 700 мыңнан астам баланы алып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ресейдің бала құқықтары жөніндегі бас маманы Мария Львова-Белова хабарлады.  Ол 2022 жылғы деректер бойынша осындай мәлімдеме жасады.

Бас маманның айтуынша, жетім балаларға арналған мекемелердің 1,5 мыңға жуық тәрбиеленушісін Ресей тарапы алып кеткен. Атап айтқанда, Донбасстың оккупацияланған бөлігінен 288 бала, Луганск облысынан 92 бала шекара асқан.

2022 жылдың сәуірінен қазанына дейінгі аралықта Донецк облысы бойынша ата-анасыз қалған 380 баланы ресейлік отбасылар асырап алған.

Сонымен қатар, Ресей басқыншыларының Қырым, Херсон облысындағы "Олешков" балалар үйінен 52 баланы алып кеткені мәлім болды.

Айта кету керек, өткен жылдағы жаз соңында "майдан шебіндегі жағдайға байланысты" Херсон, Запорожье, Харьков облыстарының балалары Қырым мен Ресей Федерациясының Краснодар өлкесіне өткен.

Осы уақытқа дейін Украина үкіметі "уақытша басып алынған аумақтардан" заңғыз әкетілген 373 баланы қайтарып алғаны айтылады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер