"Украина - ұлтшылдар елі". Путин маңындағылар мектепке арнап жаңадан тарих оқулығын шығарды

2235
Adyrna.kz Telegram

"Украина - орыстың барлық әрекетін дұшпандық деп жарияланды". Ресейде шыққан жаңа тарих оқулығында  Украинаға қатысты "ультра-ұлтшыл" мемлекет деп жазылды. Сонымен қатар авторлар оқушыларды "сыртқы агенттердің" айтағына ермеуге шақырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ағарту министрі Сергей Кравцов пен Путиннің көмекшісі Владимир Мединский ұсынған Ресей тарихының "жаңа оқулығында" Украина қараланады. Елге "кез келген оппозицияға тыйым салған "ультра-ұлтшыл" мемлекет" деген баға беріледі.

Оқулықтың бірнеше бетінде Украинадағы соғысқа қатысты арнайы жазылған. Кітаптағы жазылған мәтіндер мен Ресейдің мемлекеттік органдары таратқан мәмлелердің қандай да бір айырмашылығы жоқ. Оқулықта Ресейдің басқыншылық әрекеті "арнайы әскери операция" деп аталған.

"Украина - ұлтшыл мемлекет. Бүгінде Украинадағы кез келген қарсылық қозғалыстары қатаң түрде қудаланады, оппозицияға тыйым салынады, барлық орыстарды дұшпан көреді", - делінген оқулықта.

Келесі бетте Ресейге қарсы енгізілген санкциялар жайлы сөз болады. Оқушыларға мұндай санкциялардың "мүлдем заңсыз" екендігі тәпсірленеді.  Батыс "Ресейдің активтерін тікелей ұрлап қана қоймай, экономикалық қыспаққа алды" деп мәлімдейді. Батыстағылардың мұндай әрекеті түбінде сәтсіз аяқталғаны таңбаланады.

Сондай-ақ, авторлар жоғары сынып оқушыларына қарата ескерту жасайды. Украинадағы соғыс туралы "жалған ақпараттарға" иланып қалмауға шақырады.

"Сақ болыңыз: "Неге, Неліктен және Не үшін?" деп ойланыңыз.  Оппозиционерлер", "қоғамға танымал адамдар","танымал блогерлер"... Олар кімнің мүддесі үшін жұмыс істеп жатыр. Мұны да бір сәт ескеріңіз. Сонда сіз арзан-құрзан манипуляциялардың құрбаны болмайсыз", - деп қорытындылайды оқулық авторлары.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер