Ғарыштық рекордтар

5594
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары QazAstroShift Республикалық зымыран құрастыру байқауынан жеңімпаз атанды. Жарыс Астана қаласында өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 122 команда «Үздік» атағы үшін күресті.

Толғанай Әсетхан, Нұрсұлтан Ерланұлы, Арнұр Емберген жоғары жылдамдықтағы зымыранның үлгісін құрастырды. Жас инженерлер мектептегі робототехника шеберханасында екі ай бойы жобамен жұмыс істеді.

Байқау қорытындысы бойынша Талдықорғандағы NIS командасы «Ең тұрақты ұшу» номинациясымен 2 орынды иеленді, сонымен қатар Сәтбаев университетінің білім гранттарын жеңіп алды.

QazAstroShift зымырандық ғылымдар сайысы төрт кезеңнен тұрды. Финалға он команда өтті. Зымыранның үлгісін ұсыну, оның ұшырылуы байқауда басты шарт болды, жобаның дизайны да ескерілді.

— Жылда біздің оқушылар робототехника саласы бойынша жобаларды жасап, республика көлемінде ғана емес, халықаралық деңгейде де жүлделі орындарға ие болуда. Бұл жолы бізді ғарыш саласы, зымырантану тақырыбы қызықтырды. Топтық жұмыс пен робототехника саласындағы білімнің арқасында біз алға қойылған міндеттерді орындай алдық, —  деп Талдықорғандағы NIS командасы өз пікірлерін білдірді.

 

Пікірлер