Өркендеген Өзбекстан. Әлемге әйгілі бренд серіктестік үшін Орталық Азияда Өзбектанды таңдады

1877
Adyrna.kz Telegram

Әлемге әйгілі тағы бір бренд ынтымақтастық пен өндірістік серіктестік орнату үшін Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Өзбекстанды таңдады. Енді Әндіжандағы Sino International өзбек кәсіпорны күніне алты мың жұп Nike кроссовкаларын тігетіні айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Nike стратегиясына сәйкес, Өзбекстанда шығарылған кроссовкалар Орталық Азия мен Пәкістан нарығына шығарылмақ.

Nike әрбір спорттық аяқ киім шығаратын ел үшін ресми штрих-код береді. Орайы келгенде айта кетейік, бұл штрих-кодты Өзбекстан да алды. Әндіжандағы кәсіпорынның әлемдік брендтегі кроссовкалардың барлық үлгілерін шығаруға құқығы бар.

Өзбектер әлемдік брендті елінде өндіру үшін бірақ стратегиялық қадамдарды жүзеге асырған. Өндіріс желісін іске қосу үшін Sino International кәсіпорыны 5 жыл ішінде Nike талап еткен барлық халықаралық сапа стандарттарын толығымен енгізген. Атап айтқанда, арнайы өндірістік желілер құрған, қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын жасаған,  жоғары сапаны бақылауды күшейткен.

Қазір өзбектер әлемге әйгілі бренд кроссовкаларының алғашқы партиясын шығарып жатыр.Қазіргі таңда IE Sino International компаниясында 50 адам жұмыс істейді. Спорттық аяқ киімнің ұлтаны (аяқ киім табаны) мен үстіңгі жағын қалыптау желілері іске қосылған. Өзбекстандық мамандардың біліктілігін артыруға Nikе-тің қытайдағы филиалы жәрдемдеспек. Олар өзбек технологтарын, дизайнерлері мен тігіншілерді шыңдайды. Қазіргі уақытта кәсіпорын тәулігіне 6000 жұп кроссовка шығарады. Жыл соңына дейін кәсіпорынн бұл көрсеткішті екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.

Компанияның қытайлық бөлімшесі Nike кроссовкаларын шығару үшін Орталық Азияда неліктен Өзбекстанды таңдағанын айтты:

Нарықты зерттей келе, Өзбекстанға халықаралық брендтерді тартуды жөн көрдік. Біз Қытайдағы Nike филиалына хабарластық. Олар өз талаптарын қойды. Осыдан кейін "Узчармсаноат" қауымдастығымен бірлесе отырып, талаптарды жүзеге асыруға кірістік.. Қазір тәулігіне 6000 жұп шығарамыз. Алдағы уақытта жылдық қуаттылықты 3 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты бренд талаптарына сәйкес өндірістік процестерді жақсарту бойынша жұмыс үйлестіруде" - деді Sino International басшысы Хунсюань.

Uzdaily.uz өзбек порталы жазғандай,  IE Sino International компаниясы шығарған өнімдер Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан және Тәжікстан нарықтарына жеткізіліп жатыр.

Келесі жылдан бастап әйгілі қызыл жәшіктер Пәкістанға жөнелтіледі. Sino International Adidas брендімен өнім шығаруды меңгеруді мақсат етіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстардың басталып кеткені айтылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер