Сот олигарх Шадиевті қамаудан босатты

1737
Adyrna.kz Telegram

Апелляциялық сот бұрынғы банкир Орифджан Шадиев пен оның көмекшісі Михаил Соловьевтің үкімін өзгертті. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

21 шілдеде кәсіпкер Шадиев өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған еді. Ол Asia Credit Bank-ке 16 миллиард теңгедей шығын келтірілген. Олигарх өз кінәсін мойындап, 1,5 жылға сотталды. Ал оған көмектескен Михаил Соловьев кінәсін жартылай мойындап, 1 жылға бас бостандығынан шектелген болатын.

Апелляциялық саты екі сотталушының үкімін пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеуге өзгертті. Айыпталушыларға өмір бойына қаржы ұйымдарында басшылық қызметтерді атқаруға және олардың негізгі қатысушысы болуға тыйым салынды.

Пікірлер