Бұрынғы әділет министрі Бекетаевтың қамауға алу мерзімі ұзартылды

837
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«2024 жылғы 12 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 наурызына дейін ұзартуға санкция берді», - деп хабарлады Астана соты.

Естеріңізге сала кетейік, Бекетаев 21 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған заңсыз тәркіленген активтерді қайтару науқаны аясында сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ұсталған болатын. Бекетаев қаңтар оқиғасы бойынша кінәлі деп танылып, қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтың сыбайласы болып саналады.

Айта кетейік, Бекетаевтың қаңтар оқиғасына дейін кеңесшісі бұрынғы сенатор Қайрат Қожамжаровпен бірге бірқатар атышулы қылмыстық істерді ойдан шығаруға қатысы бар деп есептелетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының экс-басшысы Талғат Татабаев болған. Кейін оның елден қашпақ болған жерінде ұсталғаны белгілі болды.

Пікірлер