Астанада екі жұмысшы 15 қабаттан құлап қаза тапты

2052
Adyrna.kz Telegram

Астанада салынып жатқан тұрғын үй құрылысының 15 қабатынан құлаған 2 жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің айтуынша, қайғылы оқиға 10 тамызда болған.

«Алматы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «A-City» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісінде биіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешені қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау кабелінің үзілуі салдарынан 15-ші қабат биіктіктен 2 жұмысшының құлағаны анықталды. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты. Олардың жасы 20 және 27-де болған»,—деп түсіндірді басқарма.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікірлер