Дәріханада дәріден басқа заттарды қабылдамау-қайтармау заңсыз

5399
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау Департаменті халық көп шоғырланған орындарда тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша ақпараттық-түсіндірмелі кеңес беру шараларын ұйымдастыруда.

Осы орайда, шілде айында департамент маманы Мәдідоллда Қайроллаұлы Талдықорған қаласының жастарға қызмет көрсету орталығының ғимаратында тұтынушыларға кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында департамент маманы тұтынушылардың сауалдарына жауап беріп, «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасындағы жаңалықтар туралы ақпарат берді.

Тұтынушылардың бірі жақында өз басынан өткен оқиға жайлы айтып өтті. Дәріханаға барып балаларға арналған тағамтану үлгісін алған, алайда басқа дәріханада осы тауар түрі бірнеше есе арзан болғандықтан бірінші алған дәріханаға қайта барып, тауарын қайтарып, ақшасын қайтаруды сұраған. Алайда дәріханадағы фармацевт балалар тағамы бұл «дәрілік препарат» және заңға сәйкес қайтарылмайды деп жеткізіп, тұтынушыны алдаған. Осы ретте департамент маманы дәрілік препараттар тізбегіндегі жоқ тауарлар дәріханада сатылса да ол «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңының 14 және 30 бабтарына сәйкес қайтарылу қажеттігін атап өтті.

Құрметті тұтынушылар, дәріханада осындай жағдайға тап болсаңыздар, біздің департаментке хабарласып өтініш білдірсеңіздер болады.

фото: сgon.rospotrebnadzor.ru

Пікірлер