Ресейге қоныс аударған қазақстандықтардың саны екі есе артты — БАҚ

6662
Adyrna.kz Telegram

Сәуір-маусым айларында Қазақстаннан Ресейге тұрақты тұруға кеткендердің саны үш мыңнан асты. Бұл туралы Data HUB Telegram арнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бірнеше айдың ішінде 3248 қазақстандық Ресейге қоныс аударған. Бұл статистика соңғы үш айдағы көрсеткіштен 1505 адамға көп. Азаматтардың басым бөлігі Қостанай және Қарағанды ​​облыстарынан кеткен. Мәселен, Қостанай облысынан Ресей Федерациясына 509 адам, Қарағанды ​​облысынан 363 адам қоныс аударған»,—делінген хабарламада.

Пікірлер