Құны 1,6 млрд теңге. Орман қорының учаскесі мемлекетке қайтарылған

1219
Adyrna.kz Telegram

Орман қорының учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды “Адырна”.

Құны 1,6 млрд теңге болатын орман қорының учаскесі мемлекетке қайтарылғаны туралы Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі жариялады.

«Ақкөл ауданының прокуратурасы орман қорының жалпы ауданы 264 гектарды құрайтын рекреациялық, туристік және спорттық мақсатта ұзақ мерзімді орман орналастыруға берілген учаскесін қайтарды. Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ұзақ мерзімді орман орналастыру шарты бұзылып, жалпы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын учаске мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген.

Алаң 2018 жылдан бері нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған болып шықты. Сонымен қатар, жалға алу төлемі жүргізілмегені де анықталды.

«Орман өрттерінің шығу қаупі жоғары болғанымен, олардың алдын алу шаралары қабылданбады, өртке қарсы жоспарлар әзірленбеген», - деп атап өтті прокуратура.

Басқармада түсіндірілгендей, жоғарыда көрсетілген мән-жайлар уәкілетті органның аудан прокуратурасының актісі бойынша сотқа шағымдануына негіз болған.

Пікірлер