Трамп сайлау нәтижелеріне ықпал ету әрекеті үшін айыпталды

1288
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа Джорджия штатында айып тағылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Экс-президентке Үлкен қазылар алқасы 2020 жылғы президенттік сайлау нәтижелерін қайта қарау әрекетіне қатысы болуы мүмкін деп шешті. АҚШ-тың 45-ші президентіне қарсы тергеліп жатқан төртінші қылмыстық іс. Бұл туралы Associated Press мәлімдеді.

Жалған әрекет жасау, шенеунікті антын бұзуға көндіруге әрекет жасау және бірнеше заңды бұзу аясында Трамп 11 бап бойынша айыпталып отыр.

Трамптан басқа тағы 18 адамға айып тағылған. Оның ішінде Ақ үй аппаратының бұрынғы басшысы және Трамптың серіктесі ретінде танылған Марк Медоус, Трамптың жеке адвокаты Рудольф Джулиани, Әділет департаментінің қызметкері Джеффри Кларк және Трамптың адвокаты әрі кеңесшісі Джон Истман.

Трампқа тағы үш іс бойынша айып тағылған.

Жаңа айыптауларға 2021 жылдың қаңтарындағы телефон қоңырауы себеп болған. Дональд Трамп Джорджия республикасының Мемлекеттік хатшысы Брэд Руффенспергерге «11 780 дауыс табуға» көмектесуді ұсынған-ды.

Алайда АҚШ-тың қазіргі басшысы Джо Байден Джорджияда сайлаушылар алқасының 306 дауысын жинап, жеңіске жеткен. Ал Трамп 232 дауыс жинады.

Алайда экс-президент өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр.

Пікірлер