Дональд Трамп Оңтүстік Каролинадағы праймеризде жеңіске жетті

1078
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Оңтүстік Каролинадағы Республикалық партияның праймеризінде басым дауыспен жеңіске жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW сайтына сілтеме жасап.

Дауыстарды санау қорытындысы бойынша, праймериздің 59,8 пайызы Трампқа, 39,5 пайызы Хейлиге дауыс берген.

"Мен ешқашан Республикалық партияның қазіргідей біртұтас болғанын көрген емеспін", - деді Дональд Трамп сайлау учаскелері жабылғаннан кейін.

Сондай-ақ Трамп президент сайлауында қазіргі президент Джо Байденді жеңіп шығатынына сенімді екенін жасырмады.

Айта кету керек, Дональд Трамп Айова, Нью-Гэмпшир, Невада және АҚШ-тың Виргин аралдарында жеңіске жеткеннен кейін праймеризде қатарынан бесінші рет жеңіске жетіп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер