Путин 2024 жылы тағы да сайлауға түспек

1470
Adyrna.kz Telegram
Фото: Гавриил Григоров/РИА Новости
Фото: Гавриил Григоров/РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысады, ол жеңген жағдайда 2030 жылға дейін ел басқаратын болады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік ақпаратына сәйкес, Кремльдің саясатымен таныс бір адам шешім қабылданғанын және Путиннің кеңесшілері оның 2024 жылғы сайлау науқанына қатысуға дайындалып жатқанын растады.

«Шешім қабылданды, Путин президенттікке үміткер болады», - делінген дереккөздің бірінде.

Владимир Путин өзінің сайлауға қатысу себебін соңғы 60 жылдағы елі үшін ең ауыр кезеңнен Ресейді өзі алып шығуы керек деген ұстанымымен түсіндіреді, делінген Reuters келтірген ақпаратта.

Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сайлауға қатысты «науқан әлі ресми түрде жарияланған жоқ» деп мәлімдеді.

Айталық, Владимир Путин алғаш рет 2000 жылы президент болды және ол төрт мерзімге қалды (2008-2012 жылдарға үзіліспен). Путиннің бастамасымен қабылданған конституциялық түзетулер оған бесінші мерзімге үміткер болуға мүмкіндік береді. Reuters атап өткендей, қазірдің өзінде Путин Иосиф Сталинді қоспағанда, елді соңғы 100 жылдағы кез келген адамға қарағанда ұзағырақ басқарады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер