Ресей ТМД-ға төрағалығы кезінде орыс тілін сақтауға ерекше көңіл бөледі - Путин

1113
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысында халықаралық орыс тілі ұйымы қызметінің практикалық мәселелерін шешу маңызды деп мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Ресей өзінің ТМД-ға төрағалығы кезінде ортақ мұрамызды – біздің елдерде де, әлемде де жүздеген миллион адамның ұлтаралық қатынас тілі болған және болып қала беретін орыс тілін сақтау тақырыбына ерекше көңіл бөледі», - деді ол Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысушыларға арнаған үндеуінде.

Сондай-ақ, ол 13 қазанда Бішкек саммитінде Халықаралық орыс тілі ұйымын құру туралы шартқа қол қойылғанын айта кетті.

«Штаб пәтері Сочиде орналасатын бұл құрылым ТМД аясында да, одан тыс жерлерде де өзара түсіністік пен еркін қарым-қатынастың кілті ретінде орыс тілін қорғап, насихаттауға көмектеседі. Қазір ұйым қызметінің практикалық мәселелерін шешу, оның негіз болатын құжаттарын әзірлеу, сондай-ақ бірінші министрлік конференциясын дайындап, өткізу маңызды», - деді Путин.

Пікірлер