Ата-аналар "тек орыс сыныбына береміз" деп келді - мұғалім

2180
Adyrna.kz Telegram

Орыс сыныбындағы оқитын қазақ балалар тақырыбы өзекті мәселеге айналып тұр. Facebook желісінде шулы тақырыпқа айналған жағдайға қатысты тағы бір жайт баяндалды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Майра Мырзахметова есімді ұстаз өзінің уақытша директорлық қызметке келген мектебінде ата-аналардың балаларын орыс сыныбында оқытқысы келетіндерін айтқан оқиғасымен бөлісті. Өздері қазақ бола тұра баласын орысша оқытқан ата-аналардың балалардың тәрбиесіне көңіл бөлмеуі үлкен мәселе болып тұрғанын жеткізді ол.

"Шілде айында Астана қаласында өзім істейтін мектепте директордың міндетін уақытша атқарып отырдым. 6 қазақ сыныбы, 6 орыс сыныбы ашылды бізде. Қазақ сыныптарына балаларды көбейту керекпіз, орыс сыныбына бала алуды тоқтатыңдар деген тапсырма келді жоғарыдан. Құжат тапсыруға 10 күн қалғанда қаншама ата-аналар келді орыс сыныбына береміз деп. 80 пайызы өзіміздің қазақтар. Түсіндіріп көрдім алмаймыз орыс сыныбына бала алуды тоқтатты десем де балағаттап, неше түрлі сөздерді айтты. Есігімді теуіп қорқытып кеткендер қаншама. Бұл жағдай жүректі ауыртты...Балам сөйлей алмайды, балабақшада үйренбеді деп ақталады көбісі. Сіздер ше десем, біздің уақытымыз жоқ баламен сөйлесуге, телефоннан үйреніп алған дегенде не айтарымды білмедім..." деп бөлісті Майра Мырзахметова.

Пікірлер