Итжидектен уланған. Ақтөбе облысында екі бала ауыр халде жатыр

1540
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында итжидектен уланған екі баланың жағдайы ауыр, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

«18 тамызда сағат 23.00-де Қобда ауданы ауруханасына Өтек ауылынан 3 және 5 жастағы екі бала белгісіз этиологиядағы улану диагнозымен шұғыл түрде жеткізілді. Сұрастырулардан соң  итжидектен уланды деген күдік туды. Балалардың жалпы жағдайы ауыр. Психомоторлы қозу байқалады. Балалар детоксикация терапиясын алуды жалғастыруда», – дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Туыстарының айтуы бойынша, балаларда дене қызуының 38 градусқа дейін көтерілуі, әлсіздік, ұйқыға тарту белгілері болған.

«Жағдай медициналық авиацияға хабарланды. Инфузиялық терапия басталды. Екеуінің де дене қызуы 37 градусқа дейін төмендеген. Түнгі сағат 3-ке қарай екеуінің де жағдайы қозып, сандырақтау күшейе түсті», - деді Исаев.

Дәрігерлер балалар итжидек өсімдігінен уланған деп болжайды. Қазір реаниматологтар республикалық деңгейдегі әріптестерімен кеңесіп жатыр.

Пікірлер