“11 сағат отырдым”. Шарын шатқалында жартастан Ресей азаматы құлап кеткен

1285
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының құтқарушылары Шарын шатқалында жартастан құлаған Ресей азаматын құтқарды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, оқиға бүгін, 20 тамызда болған.

Түнгі сағат 02.00-ден бастап Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1990 жылғы Ресей азаматын жартастан эвакуациялады. Әйел Ұйғыр ауданында Шарын шатқалындағы (Қызыл жартастар) жартастан 500 метр қашықтыққа домалап, өздігінен көтеріле алмаған, - дейді ведомство.

Ресейлік Шарын шатқалына 19 тамыз кешкі алтылар шамасында Алматыдағы достарымен бірге келген.

Жартаста 11 сағат отырдым. Құтқару операциясы да бірнеше сағатқа созылды. Өйткені мені табу өте қиын болды. Мен өте жоғары көтеріліп, сәтсіз түскенмін. Жігіттерге алғыс айтамын. Олар мені арқанмен түсірді. Бұл үшін оларға ризамын. Әйтпесе, ол жерден өзім шыға алмас едім, - деді қыз.

Алматы облысы ТЖД құтқарушылары мен техникасының күшімен сағат 07:17-де әйел құтқарылды.

Айта кетейік, Алматы облыстық ТЖ департаменті азаматтарды серуендеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Пікірлер