Пригожиннің ұшақ апатынан мерт болғаны хабарланды

7035
Adyrna.kz Telegram
In Belarus eingetroffen: Der russische Söldnerchef Jewgeni Prigoschin. Foto: -/AP/dpa
In Belarus eingetroffen: Der russische Söldnerchef Jewgeni Prigoschin. Foto: -/AP/dpa

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Тверь облысында 10 адамы бар ұшақ апатқа ұшыраған. Әлгі ұшақтың ішінде "Вагнер" жалдамалы әскери жасағының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің де болғаны расталды. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің айтуынша,  бизнес-джет Мәскеуден Петербургке қарай ұшып бара жатып, жол бойы Куженкино елді мекенінде құлайды.

Тверь облысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ұшақ апаты бойынша жағдайды аймақ губернаторы Игорь Рудня тікелей өз бақылауына алған.

Ресейлік телеграм арналар апатқа ұшыраған ұшақтың маркасы Embrear Legacy 600 екенін жазды. Шынында да Евгений Пригожинде жекеменшік Embrear Legacy 600 ұшағы бар.

Көп ұзамай осы ұшақта Пригожиннің де қайтыс болғаны хабарланды. Алайда ресми орындардан оны нақты растаған, немесе біржолата жоққа шығарған мәлімет түспеді. Кейбір мәліметке қарағанда, бұған дейін "Вагнер" басшысынан аумайтын бедел-Пригожиндердің де болғаны айтылады.

Пікірлер