Тоқаев Зеленскийді Украинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

1350
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийді Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы украин халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады»,делінген хабарламада.

Жеделхатта нақты не жазылғаны хабарланбаған.

Украина президенті кеңсесінің баспасөз қызметі әзірге Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтауы туралы ақпарат жариялаған жоқ.

Айта кетейік, 1992 жылғы ақпанда Жоғарғы Рада Украинаның Тәуелсіздік күнін тойлаудың ресми күні 24 тамыз деп бекітті. 1991 жылы осы күні Украина КСР Жоғарғы Кеңесі Украина тәуелсіздігінің Декларациясы туралы актіні қабылдаған.

Пікірлер