Қырғызстанда алғашқы қар жауды

1322
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның Нарын облысына қар түсті. Алғашқы қардың жауғаны жайлы қырғыз-қытай шекарасына жақын  тұратын куәгерлер мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Кактус Медиа порталына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жолдар мен көліктердің қар жамылған видеосы тарады.

Бұған дейін Қырғызгидромет 27 тамыз күні түстен кейін және 28 тамызда аумағының көп бөлігінде жаңбыр жауып, таулы аудандарда жаңбырдың қарға ұласатыны, кей жерлерде жауын-шашын қарқынды болады деп ескертті.

Еске сала кетейік, жақында ШҚО Катонқарағай ауданы, Мұзтау маңындағы «Нижний лагерь» кемпингінде алғашқы қар жауды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер